الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қасиетті айдың қарсаңындағы теңбіл доп

 

Аягөз қаласында қасиетті Рамазан ай қарсаңында табиғат аясында мешіт ұжымы мен аудандық жастар орталығы ұйымдастыруымен футболдан достық кездесу өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен бірге спорт денсаулық кепілі, шынықсаң шымыр боласың дегендей, Алла Тағаланың жамандық атаулыға тыйым айы қарсаңында жақсылықтың жаршысы болуға атсалысайық, «ауру қалсада, әдет қалмайды» — дегендей, ойын барысында аузымыздан балағат, боқтық сөздер шығып кетуіне абай болайық, ондай істер болып жатса командалар есебін есепке алмаймыз, осыған келісемізбе» — деген өтінішін білдірді. Бұл іс бір ауыздан мақұлданды. Осы істі кейінде әдет қылып, басқаларға үлгі болсақ деген өтініштерде білдірілді. «Жаңауыл» мешітінің имамы Қуанышбек Нұрмыхан ұлы: «Береке бірлікке бастар жол – туыстық» бір атаның балаларымыз, берекеміз артсын, биіктерден көрінейік» — деген жылы лебізін білдірді. Жастар орталығынан Жандос Мансұрұлы тілегін білдіріп, төрешілер футбол ережелерін түсіндірді. Ойынға дайындалып, жасақталған он команда қатысты. Жүйріктер озады дегендей І – орын – «4 – ші квартал» командасы кубокты жеңіп алды. ІІ – орын «3 – ші квартал», ІІІ – орын – «2 – ші квартал» командалары иеленіп, алғыс хатпен марапатталды. Сонымен бірге «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Әдепті ойыншы» номинацилары табыс етілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.