الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қасиетті  РАМАЗАН – мейірімділік  айы

 

126511_1440753097Мақсат қажы Алтыбай,

ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы,

Семей қалалық Қос мұнаралы

орталық мешіттің  бас имамы.

Рамазан – қасиетті Құран кітабы түскен мүбәрак ай. Сондықтан, әрбір мұсылман бұл айға ерекше құрмет көрсетіп, ораза ұстап, мейірімділік пен қайырымдылықты осы айда барынша көбірек жасағаны абзал.

Ұлы Жаратушымыз: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді», — дейді қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінде.

Ал тақуалық дегеніміз — Алла Тағаланың көрсеткен жолымен жүріп, харамнан сақтану, Ұлы Жаратушыға мойынұсыну.

Оразаның басты мақсаты – нәпсіге тежеу салып, рухты көркем мінезге тәрбиелеу. Ал нәпсі – бойдағы құмарлық сезім. Исламның бір ғұламасы: «Кімде-кім өз еркімен нәпсісіне ие болса, онда ол адам өзін әлемдегі ең бақытты адам санасын» — деген екен.

Аштық, шөл адамды төзімділікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Және де ораза амалының сауабы шексіз.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ұлылығы шексіз Аллаһ Тағала: «Құлым ас-ауқаттан, сусыннан және нәпсінің қалауларынан тек Мен үшін бас тартады. Сондықтан оның сауабын Өзім беремін. Әрбір жақсылыққа он есе сауап жазамын», — деген.

 Рамазан айында мұсылмандар құлшылық ниетімен таң  атқаннан күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылады. Әрбір мұсылман ораза ұстап жүрген адамдарға құрметпен қарап, олардың алдында күндізгі уақытта тамақ ішпегені жөн. Мүмкіндігінше, ораза ұстаған жандарға  қамқорлық көрсетіп, оларға ауызашар беру сауапты  іс болып есептеледі.

Ислам діні адамдарды әрдайым мейірімділікке, қайырымдылыққа шақырады. Ал, Рамазан айында мұсылман қауымы жақсылық жасауда жарысқа түседі.

Себебі, бұндай адамдар осы айда Ұлы Иеміздің мейірім-шапағатына шексіз бөленеді. Мүбарак айда жетім-жесірлерге, мүскіндерге қолдан келгенше көбірек қолдау көрсету керек.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Рамазан айы қарсаңындағы Үндеуінде барша мұсылман қауымын сауапты істерді көбірек атқаруға шақырып отыр.

 Бас муфти өз Үндеуінде: “Меценаттар мен кәсіпкер азаматтарды жалпы жұртшылыққа қажетті нысандарды тұрғызу жұмысына белсене араласып, жанашырлық танытуға шақырамын. Өйткені, рамазан – қайырымды жандар үшін мол мүмкіндіктер маусымы” — деп іскер азаматтарды қасиетті айда игілікті  істерді молынан атқаруға шақырады.

Біздің өңірде еңбек етіп жүрген жергілікті кәсіпкерлер осы уақытқа дейін талай игілікті істердің ұйтқысы болып жүргенін  үлкен мақтанышпен айта аламыз. Мүбарак айда да   дәулетті жандар  Бас Мүфтидің Үндеуіне қолдау көрсететіндігіне  сеніміміз мол.

Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміздің мерейі үстем болып, егеменді Қазақ елі әрдайым бейбітшіліктің алтын бесігі болсын!

Алла  ризашылығы үшін тұтқан  оразаларыңыз,  жасаған ғибадаттарыңыз бен сауапты істеріңіз  қабыл болсын!