Қайырымдылық керуені жолға шықты

    Аягөз қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге  ҚМДБ-ның Семей аймағының өкілдігі «Қос мұнаралы» орталық мешіті Қала ,аудан имамдары мешітке келуші жамағатын және Семей тұрғындарын асарға шақырды ҚМДБ-ның өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қайырымдылық қазаққа тән қасиет екенін айтып, ағайын-жұрттың көңілін сұрап, жағдайына қарайласу мұсылманның міндеті деп білетіндігін жеткізді. «Айтып келмейтін апаттан қиыншылыққа ұшыраған ағайындарымызға қол ұшын жалғап, көмектесу әрі адамдық әрі мұсылмандық борышымыз. Осы мақсатта бүгін міне көлікке халыққа ең қажетті тұрмыстық заттарын, азық-түліктерін тиеп, апара жатырмыз. Осы іске үлес қосқан барша Семей тұрғындарына мың алғыс. Қаржылай да, заттай да өз көмектерін жасаған азаматтар, тіптен, үстіндегі киімін шешіп, берген де жағдайлар болды. Бұл біздің шын бауыр, жанашырлығымыздың айқын белгісі. Алла баршамызға разы болғай. Жеріміздің тыныштығын, еліміздің бейбітшілігін одан әрі арттырғай» деді Алтыбай Мақсат.

    Бүгін сол ұйымдастырылған Асар «Қайырымдылық керуені» атауыменен Аягөз қаласына аттандырылды. Көмек ретінде Азық түлік, тұрмыстық керек жарақ және қаржылай көмек көрсетілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.