الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан - 2030» қазақ-түрік жастарын қолдау қоғамдық қорының төрағасы Махмұт Хаққы Сезер мырзаны қабылдады.

Қор төрағасы ресми қабылдауға уақыт бөлген Бас мүфтиге айрықша алғысын жеткізді. Кездесуде Қазақстан мен Түркия діні бір, түбі бір бауырлас ел екендігі сөз болды. Делегация жетекшісі Қазақ Елінде Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жатқан қордың жұмыстарына тоқталды. Еліміздегі бірнеше медресе мен имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының жүйелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтияттың сапалы діни кадр даярлау жұмыстарына үлес қосып келе жатқан «Қазақстан - 2030» қазақ-түрік жастарын қолдау қоғамдық қорының ұжымына жылы лебізін білдірді.

«Қазір Қазақстан мен Түркия мұсылмандары діни басқармалары арасында әріптестік байланыс күн санап артып келеді. Біздің имамдарымыз бауырлас елдің іргелі діни оқу орындарында білімін жетілдіруде. Біздің дін қызметкерлеріне мұндай мүмкіндік жасаған түркиялық әріптестеріме, оның ішінде Бас мүфти Әли Ербаш мырзаға ризашылығымды білдіремін», – деді Серікбай қажы Ораз.

Кездесу соңында тараптар діни-рухани бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жайлы уағдаластыққа қол жеткізді.

muftyat.kz