الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қазақстан Президенті Ресейдің «Первый канал» телеарнасына сұхбат берді

Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әңгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері жөнінде айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне және перспективаларына тоқталып, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізгі мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінің мәнін түсіндіріп, оны сапалы түрде орындаудың маңызды екенін айтты.

– Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында мұғалімдердің жалақылары да өсетін болады. Қазір біз мектептерде білім берудің жаңа мазмұнына көштік, бұл мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары көзделген. Санаты көтерілген мұғалімдердің жалақысы қосымша 50 пайызға көбейетін болады, – деді Қазақстан Президенті.