الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚАЗАҚСТАНДА 3000 ЖЫЛ БҰРЫН САЛЫНҒАН ПИРАМИДА (ФОТО)

Археологтар Қарағанды маңынан табылған ежелгі "Сарыарқа пирамидасын" қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы қарағандылық ғалым Виктор Новоженов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, дейді  tengrinews.kz .

«Жаз бойы И.А.Кукушкинның жетекішілігімен жүргізілген экспедиция қалыпқа келтіру қажет нысанды дайындап, күзге қарай бір топ маман тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог А.З.Бейсеновтың жетекішілігімен осы жобаны аяқтадық. Енді еліміздің туристік картасында жаңа ерекше ескерткіш пайда болады — Беғазы-Дәндібай ескерткіші! Бұл ескерткішті қазу жұмыстары әлі де жалғасады, қарағандылық археологтарға жаңа қызық ескерткіштерді табуды тілейміз», — деп жазды ғалым.

Сондай-ақ, Виктор Новоженов пирамиданың қалыпқа келтірілгеніне дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады.

Айта кетейік, "Сарыарқа пирамидасы" 2016 жылы Қарағанды маңынан табылған еді. Мамандардың айтуынша, ғимарат Сарыарқада осыдан 3000 жыл бұрын салынған.