الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

КЕЛЕЛІ ОТЫРЫС

Семей қалалық Достық үйінде «Адамгершілік құндылықтарды насихатауда БАҚ-тың рөлі» қандай деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан бұқаралық ақпарат өкілдері, баспасөз қызметкерлері, және зиялы қауым, мешіт қызметкерлері қатысты.

Жалпы бүгінгі таңда атқарып жатқан қызметінің мәні зор деп дөңгелек үстел шымылдығын Жастар ісі бөлімінің өкілі Жүнүсбек Айдын Салімханұлы ашты. Телеарна мен газет-журналға бір мақала жазу үшін әуелі білім қажет.Бұл міндетті біліктілік және білімділікпен сезіне аласын.Адам өзінің не жазып жатқанынада бір үңіліп дұрысты шындықты жазу керектігі айтылды.Осыдан кейін Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің найб имамы Баешов Бекзат сөз алып Дәстүрлі Дінді насихаттауда 2000 жылдан бастап шығып келе жатқан Ислам нұры газеті. Бүгінгі Ислам дініміздің насихатталуына зор үлесін қосып жатыр. Бұқара халық осы газет арқылы рухани сусындап отыр. Келесі сөз кезегінде  Рахат Алтай газетінің басшысы газетке адамдарға қажет емес дүниелерді түрте беруге болмайтынын айта келе журналистерге сыни көзғарас танытты. Қазіргі технологияның дамыған уақытында халықтың көзі ашық, көкірегі ояу жандар аз емес. Сондықтан да газет беттерін халыққа пайда беретін жақтарын көп ойластырып тарату қажет деп сөзін аяқтады. Атқарылып жатқан дөңгелек үстелде ойға қонымды,жүрекке жететін ұсыныстарда айтылды. Соның ішінде Әйелдер қоғамының төрайымы Құманғалиқызы Гүлжихан, ШҚО Семей қалалық діни орталық басшысы Мирас Қайратұлы  БАҚ-тың ары қарай дамуы үшін өз ұсыныстарын айтты. Басқосуда журналистер қауымы да адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы, діни терминдерді қолдану туралы маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ортаға салды. Ізгі де әсерлі шараны Семей қалалық Жастар ісі бөлімінің өкілі Жүнүсбек А.С сөзді қортындылап, келген қонақтарға алығыс білдірді.

Семей қалалық Жастар ісі бөлімі баспасөз қызметі.