الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Кезекті зағип жандарға арналған Брайл курсы өз мәресіне жетті

ҚМДБ -ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйытқы болуымен, Семей қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған зағип жандарға арналған Брайль араб курсы өз мәресіне жетті. Аталмыш курс, үздіксіз әр жыл сайын ұйымдастырылуда. Курсқа Ақтау, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Түркістан елді мекенінен әр түрлі жастағы шәкірттер Брайль харпімен Брайль Құранды оқуға мүмкіншілік алуда.

Оқу құралдары, яғни Брайль араб әліппесі, Брайль Құран кітабы Малайзия елінен жеткізілген болатын. Шәкірттер аталмыш оқу құралдарын оқуларына пайдалануда.  Дәрісті, Семей орталық мешітінің ұстазы Асқар Барлыбайұлы жүргізді.

 Өз мүмкіншіліктерін шыңдап, жігерлерін нығайта білген шәкірттер, араб Брайль әліпбиін бітіргеннен кейін қолдарына Брайль харпімен жасалған Құрандарды сыйлыққа алып, Құранның басқа да бөліктерін жаттауға мүмкіншілік алды. Қатарынан үш жыл Семей өңіріне ілім талап етіп келіп жүрген шәкірттердің алды екі пара Құранды жаттап үлгерді.

Сабақтан тыс уақытта тәлім алушы шәкірттер қаланың көрікті де тарихи орындарымен танысып, қазақтың маңдайына біткен  «Абай», «Шәкәрімдей» ұлы тұлғалардың басына барып, Құран бағыштады.

Курстың соңында жан-жақтан келген шәкірттер қимастықпен қоштасып, аталмыш курсты ұйымдасуына ұйытқы болған жандарға жүрек жарды лебіздерін айтып, осындай шаралардың жиі-жиі жалғасын тапса екен деген ойларын жеткізді.

Өз кезегімізде айтулы шараға демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымызды білдіріп, Алланың разылығына бөленуін тілейміз.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.