الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Кіші футболдан жарыс өтті (фото)

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша «Ұлы дала жастары» атты кіші футболдан мешіт жамағаттары арасында  жарыс өтті.

Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Даланбай мешіті жанындағы футбол алаңында жоғары деңгейде өтті. Кіші аяқ доп сайысында Семей қалалық Төлеубекқажы мешіті атынан ұйымдасқан команда топ жарды.

Екінші орын Намазхана жамағаттарына бұйырды. «Даланбай» мешіті үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс тартысты және қызықты өтті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.