الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚМДБ «ХАЛАЛ ДАМУ» ҰЙЫМЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Бейбіт қажы Мырзагелдиев серіктестіктің 2018 жылдың І жарты жылдық жұмысы мен қаржылық есебін жариялады.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында сертификатталған кәсіпорындар тарапынан 8 508 750 теңге түскен. Серіктестік қызметкерлерінің жалақысы, зертханалық тексеріс шығындары, ғимарат жиһаздары мен кеңсе тауарлары, іс-сапар, т.б. қосымша шығындар жалпы түсімнен төленді.

Айта кетейік, халал стандарттау – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ашылды. 2016 жылдың 22 ақпанында отандық және шетелдік компаниялардың халал өнімдерін стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып  құрылды.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның негізгі мақсаты – еліміздегі халал өнімдер нарығын зерттеп, халықтың адал өнімге деген сенімін арттыру, тұтынушыларға «халал өнімдер» туралы үгіт-насихат жүргізу, сараптамадан өткен кәсіпорындардың халал стандартқа сай қызмет жасауын қадағалау.

«Халал Даму» ЖШС-на 3 жыл ішінде 300-ге жуық кәсіпорындар тексерістен өтуге өтінім білдірді. Бақылаудан өтуге өтініш білдірген кәсіпорындар Алматы қаласында орналасқан «TreeGene»  молекулалық-генетикалық зертханасы мен «КазНИВИ» Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты зертханасында лабороториялық сынақтан өтеді. «TreeGene» және «КазНИВИ» зертханалары соңғы үлгідегі заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.

Бүгінде сынақтан өтуге өтінім білдірген кәсіпорындардың 191-і «халал» сертификатына ие болды. Олардың қатарында құс фабрикалары, шұжық кәсіпорындары, емдік-профилактикалық өнімдер, ет фабрикалары, косметика және т.б. өндіріс орындары мен қоғамдық тамақтану (кафе, асхана, мейрамхана) орындары бар. Сертификат табысталғаннан кейін «Халал Даму» ЖШС-нің бақылаушы-инспекторлары ай сайын тексерістен өткен кәсіпорындарды бақылап отырады. Кәсіпорынның қызметі мен тағам өнімдерінің құрамы халал талаптарына сай болуы басты назарға алынады.

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-інде шариғат заңының білікті мамандары, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ғалымдары, сарапшы-эксперттер, технологтар, сертификатталған кәсіпорындарды жүйелі түрде қадағалайтын бақылаушы-инспекторлар және арнайы білім алған өңірлік сарапшы-имамдар, арнайы емтихан тапсырып, сертификат, куәлік және жеке бас мөрін иеленген 213 қасапшы қызмет етеді.