الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕРПІН БЕРГЕН СЕМИНАР (ФОТО)

Кеше Алматы қаласында еліміздегі діни сайт жетекшілері мен өкілдіктердегі баспасөз хатшыларына арналған семинар басталған болатын. ҚМДБ-ға қарасты сайт жетекшілері мен баспасөз хатшыларының басын қосқан Алматыдағы екі күндік семинардың соңғы күні ғаламтор желісіндегі еліміздің беделді басылым өкілдерімен тәжірибе алмасуға арналды.

Дін насихаты жолында қалам тербеп, халықты рухани сусындатуға сүбелі еңбек сіңіріп жүрген семинар қатысушыларының отырысына белгілі қаламгер, «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры Жүсіпбек Қорғасбеков, Qamshy.kz порталының тілшісі Жазира Байдалы мен Zakon.kz порталының арнайы репортаждар бөлімінің редакторы Торғын Нұрсейітовалар қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Ағалық ақылын айтып, баспасөз саласының сырларына қанықтырған Жүсіпбек аға баяндамасы баршасына айрықша әсер етіп, бірқатар тың тәсілдерге үйретті.

Бұдан соң еліміздегі беделді екі портал өкілдерімен кездескен діни сайт редакторлары өзара ұсыныстарын айтып, әріптестік қатынасты арттыра түсу жолында тәжірибелер алмасты. Сын-пікірлер мен ортақ ұйғарымдар, өзара сұрақ-жауаптармен жалғасқан кездесудің барлығы үшін пайдалы болғаны анық.