الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚМДБ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліс жұмысына ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысты.

Күн тәртібінде түркі әлемінің танымал ғұламалары — әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында медресе-колледждерде, «Нұр-Мүбәрак» университетінде, Ислам институтында, мешіттердегі діни сауат ашу курстарында әл-Фараби, Абай оқуларын ұйымдастыру шараларына қатысты жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданатын құжаттардың мәтіні пысықталды.

Мәжіліс соңында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ҚМДБ қызметкерлері мен облыс имамдарына нақты тапсырмалар берді.