الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Көзі соқыр болсада, көкірек көзін оятуға тырысқан шәкірттер (фото)

Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде зағип жандарға  Брайль, құран, тәжуид іліміне арналған екі айлық  курс тәмдалды. Бұл курсқа Ақтау, Түркістан, Алматы, Аягөз  қалаларынан бас аяғы жеті шәкірт қатысып ілім алды. Жас ерекшеліктері он жастан бастап елу бес жас аралығына дейін шәкірттер болды. Айтулы шара Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен биыл екінші мәрте өткізіліп отыр. Сабақ барысында Зағип балаларымыз тәжуид ережелерін меңгеріп, отызыншы параны жаттап бітуге таяды. Ақтаулық он жасар Дияс атты шәкіртіміз өткен жылы келген кезде араб қарпін алғаш үйреніп, биыл отызыншы параны жаттап біруде. Сабақтан тыс уақытта шәкірттерге басқа қалаларды аралату мүмкіндігі туды, айта кетерлік Екібастұз қаласында Мәшһүр жүсіп кесенесінде аят оқып бата жасады. Одан әрі Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітінде бесін намазын оқуды және де, Өскемен қалалық Халифа Алтай орталық мешітінде жамағатпен саптас болып намаз оқу нәсіп болды. Одан бөлек шәкірттеріміз қалалық мешіттерде қонақ болып, мұражайларды аралады. Алла Тағаланың хұдси хадисінде: «Алла Тағала айтады: Денесін ең жақсы көретін екі мүшесін алумен сынағанымда сабыр еткен пендеме жәннатты нәсіп етемін». (Алла Тағаланың пендесінің дене мүшесінің көз жанарынан айырылу себепті сабыр ететін болса сол пендесін жәннатпен сүйіншілейтінін уәде етуде.) Осыған орай зағип бауырларымыз қасиетті Алланың кәләмін үйрену арқылы өздерін сабырлылыққа шақырып ынта жігерлерін арттырды. Курс аяғында Арнайы сертификатпен марапатталып, қолдарына құранның қазақша аударма кітабін сыйлыққа алып мәз мәйрам болды. Он жастағы Дияс шәкіртімізге Малайзиядан келген Брайль ғарпімен жазылған отыз пара құранды сыйға тартты. Аталмыш шарада сабақ берген Қос мұнаралы орталық мешітінің ұстазы Барлыбайұлы Асқар ұстаздық етті. Сөз соңында курсқа қатысқан бауырларымыз айтулы шараға мұрындық болған әрбір жанға рахметін айтып жүрек жарды тілегін білдіріп осында шара өз үрдісін тапса екен деп ниеттерін білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.