Құранды жатқа оқудан мектеп оқушылар арасында жарыс өтті.

Ауданымызда Үржар аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құранды жатқа оқудан мектеп оқушылар  арасында жарыс өтті. Сайысқа мешіт жанындағы сауат ашып жатқан үміткерлер қатысты. Олардың ең жасы 6 жаста болса, ең үлкені 8-сынып оқушылары. Жарысқа қатысушылардың Құранды жатқа айтуына, оқу қырағаты, тәжуиді мен көркем оқу қабілеті бағаланды. Найб имам Қожамсейтов Бейсен игі шара барысында елдің болашағы бүгінгі жас баланың, ертеңгі азаматтың қолында екенін тілге тиек етіп, құттықтау сөздерін айтты . Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): “Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерін” -деген. Іс-шараға Үржар мешітінің найб имамдары Нағимолла Елдос, Қожамсейтов Бейсен қатысып, төрешілік қылды. Сайыстағы 1-орынға Сыдықов Бекзат, 2-орынға Уалихан Жандос, 3- орынға Қанат Нұрғалым ие болғандарға сыйлықтармен марапаттау қағаздары тапсырылды.

Үржар орталық мешітінің баспасөз қызметі