الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Құрбан айт қарсаңындағы БАҚ өкілдерімен кездесу

Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және қалалық Төлеубекқажы мешітінің бас имамы Шрайынбеков Ұлан Ермекұлы қалалық баспасөз орталығында Семей халқы тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады Өкіл имам өз сөзінде: «Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Малдың жақсысы мен тәуірін құрбандық ретінде таңдаңыз. Өйткені, ол «Сырат» көпірінде сізге көлік болады»»— дей келе, асыл дінімізде ерекше тұтатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, өкіл имам аталмыш мейрам күндері мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шараларға тоқталды. Өңірдің бас имамы құрбан айт ұлттық мейрам санатына қосылғанын атап, халықты адалдыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, ынтымаққа үндейтінін тілге тиек етті.

Айтулы мейрамның мәртебесін биіктете түсу үшін отбасыларыңызға сыйлық жасап, балаларыңыздың көңілін тауып, мейрамның қадір-қасиетін кеңінен насихаттау керектігін де жеткізді. Биылғы жылғы Құрбан айт намазы Семей аймағы бойынша 1 қыркүйек  күні  сағат 07:00-де оқылады. Кездесу соңында өкіл имам БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.