الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қыздар арасында Құран жарысы өтті ФОТО

Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның бастамасымен еліміздегі мешіт жанында сауат ашу курстары жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі Семей қаласы бойынша Қос мұнаралы орталық мешіті мен Тыныбай мешіттері жанындағы сауат -ашу курсттарында білім алып жатқан шәкірттер арасында Семей өңірі бойынша  «Әйел-қыздар секторы» — ның  жауапты ұстазы Тұрлықожанова Динараның  ұйымдастыруымен   21 мен 22 сәуір аралығында осы күнге дейінгі алған білімдері бойынша  шәкірттер арасында  емтихан өтті. Шәкірттерді ынталандыру, иманын арттыру, қасиетті Құранның қадір-қасиетін жете ұғындыру, шәкірттерді шыңдау мақсатында өткізілген жарыс тартымды өтті. Жарысқа қатысушыларды сараптау барысында Құранды дұрыс оқу, қатесіз жаттау, белгілі бір жаттаған бөлігінің мағынасын түсіне білуіне баса назар аударылды. Ұстаздар ақида, фиқһ, сира, құран оқу мен тәжуид ережелері дәрістерінен және Құранның отызыншы парасы мен Ясин  сүрелерін жатқа сұрады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар арасында өздерінің қырағат, тәжуид ережелерін нақышына келтіре жатқа оқыды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.