الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қыздар арасында  Волейбол жарысы өтті

ҚМДБ  Семей аймағы бойынша «Жастар ісі бөлімі» мен «Әйел қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен «Ислам және жастар жылы» аясында мешіттердегі  діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында волейболдан жарыс өтті. « Бірлік»,» Ынтымақ», «Береке» командаларынан құралған шәкірттер  өзара жарысқа түсті. Жарыс өте тартысты жағдайда, қызықты өтіп  «Ынтымақ» командасы жеңіске жетті.

Спорт жарыстарын ұйымдастырудағы  мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жамағат пен шәкірттердің өзара ынтымақ-берекесін  арттыру болды.

Жарыс соңында жеңіске жеткен «Ынтымақ» командасына Кубок пен медальдар табысталды. Қатысқан басқа командаларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.