الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

МҮФТИЯТ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желілер арқылы жарияланған елімізде уағыз-насихат айтуына рұқсат етілген дін мамандарының тізімі діни басқарма тарапынан жасалмағанын мәлімдеді. Айта кетсек, тізімде ҚМДБ-ға қарасты имамдар мен ғалымдардан бөлек діни білімі жоқ тілшілер мен қоғам қайраткерлерінің де есімдері жазылған. Тіпті, діни білімді қайдан алғаны белгісіз адамдардың да аты-жөні көрсетілген. Интернетте таралған тізімнің «ҚМДБ Муфтият ұстаздар тізімі! ҚАЗАҚСТАНДА УАҒЫЗДАРЫН ТЫҢДАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН (КМДБ)ның АХЛИ СУННА ҰСТАЗДАРЫ», (мәтін сол қалпында берілді) деген жазбасы қоса берілген.   «Бұл жазбаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі жұмыстарынан хабары жоқ адамның жазғаны байқалады. Діни басқарманың ресми рұқсатынсыз жазылған ақпараттық тізім жамағат арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Осы ретте, уағызшылар тізімін жазған тұлғаның бұл әрекеті мұсылмандық әдепке жат екенін жеткіземіз. ҚМДБ мамандары бұл сұрақ төңірегінде кез-келген азаматтың сауалына жауап береді. ҚМДБ ел азаматтарынан мүфтиятқа қатысты ақпарат таратпауды талап етеді» делінген мүфтият мәлімдемесінде.
Толығырақ: http://kazislam.kz/basty/item/14408-m-ftiyat-malimdeme-zhasady
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.