الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫН ҚОЛДАДЫ

            KAZISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұжымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқылау бойынша отырыс өтті. Мемлекет басшысының ұсынған «7-20-25» жаңа бағдарламасы: әр отбасына жаңа тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктері, төмен жалдамалы жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін салық ауыртпалығын азайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасы және студенттің өмір сүру жағдайларын жақсарту, микрокредиттерді кеңейту, сондай-ақ елдің одан әрі газдандыруын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор        А.П. Абуов «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға мүмкіндік береді, өйткені бұл сала Тәуелсіз Қазақстанның конфессияаралық келісімі мен бірлігін құрудағы іргелі қабат болып табылады» — деп атап өтті.  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Қасым» қоғамдық қорының президенті Терешкулов Аян Бауыржанұлы өз баяндамасында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайды және әрбір азамат үшін маңызды міндеттер қойды» — деп атап өтті. Өз кезегінде, Халықаралық Түркі Академиясының жетекші сарапшысы Козырев Тимур Анатольевич аталған үндеу қазақстандық қоғамның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қуатты драйвер екенін атап өтті. Еске сала кетейік, 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялады.