Мамырсу ауылындағы №97616 әскери бөлімдегі кездесу

Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылдық округі жанындағы №97616 әскери бөлімде өзекті мәселелердің бірі «Суицид» жайлы кездесу өтті. Аягөз мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы жиынға қатысып, Жаратушы алдындағы үлкен күнәлардың бірі өз – өзіне қол жұмсаудың ауыр азаптарға себепші екендігі жөнінде насихат айтты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ҚМДБ тарапынан шығарылған пәтуалардыда айтып өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.