Мамырсу ауылындағы футболдан өткен жарыс (фото)

Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылындағы спорт комплексінде «Қазығұл ата» мешіті, ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті» атты тақырыпта шағын футболдан командалар арасында жарыс өтті. Ауданға қарасты қала, ауыл мешіттерінен құрылған он екі команда жинақталды. Ауыл әкімі Архат Әлімғазыұлы, орталық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін білдірді. Түскі ас кезінде «Бауыржан» мейрамханасында құран бағышталып, жарысқа қатысушыларға ас берілді. Кешке дейін жалғасын тапқан жарыста I – орынды «Орталық мешіт» командасы, II – орынды «Қазығұл ата» мешіті командасы, және III – орынды «Орталық мешіт – 2» командасы иеленді. Сонымен бірге қатысушыларға «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Әдепті ойыншы», «Ардагер ойыншы» атты номинациялары берілді. Жарысқа демеуші болған азаматтармен, жеңімпаздарға кубок, алғыс хатпен марапат, сыйлықтар табыс етілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.