Медицина академиялық университетіндегі студент жастармен кездесу

Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Семей мемлекеттік медицина университеті студент жастармен кездесу жасады.

Басқосуға қатысқан жастарға наиб имам кері ағымдардың шығу тарихынан әңгімелей келе, оның терең зардаптарына жан-жақты тоқталды.

«Бүгінгі таңда лаңкестік күллі жаһанды алаңдатып отыр. Кері ағымдардан сақтану үшін халықтың діни сауаттылығы жақсы болуы керек. Жастар теріс ағымдарға ілесуден сақтанып, өздерінің діни сауаттылығын арттыру маңызды. Сонымен қатар ел ертеңі жастарымыз білімді, білікті мамандар болып қалыптасуы қажет. Исламда білімге құштарлық жайлы көптеген тағылымдар бар» деп атап өтті наиб имам.

Жастар қауымы наиб имамға өздері байыбына бара алмай жүрген сауалдырын қойып, жауап алды.

Кездесу рухани-танымдық әңгімеге толы болып, аса қызықты өтті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.