الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Мемлекет басшысы діни ұстанымы туралы айтты

KAZISLAM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Sputnik Қазақстан. «Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын», — деді Тоқаев. Президент өз әкесіне Сингапурдан Құран кітабын қалай алып келгенін де айтып берді. Оның айтуынша, әкесі 63 жасында қайтыс болыпты. Шамамен 60 жасында ислам дініне қызығушылығы күшейе түскен екен. «Мен Сингапурға барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады», — деп еске алды Тоқаев.

Барлық құқықтар қорғалған. kazislam.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://kazislam.kz/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d0%b4%d1%96%d0%bd%d0%b8-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bc%d1%8b-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b0%d0%bb/?fbclid=IwAR1GUz7b7mOoYtAqdIRz0pND8o8REG14C-sIbAIFyeIaeQeHV6jG1IDgj6k