الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

МЕШІТ ИМАМДАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРДІ

Кешкі сағат тоғыздың кезін ораза ұстаған жандар асыға тосады. Себебі, бұл уақыт – ауызашардың сәті. Күні бойы ішіп-жеуден өзін тиып, жаратқанға бой ұсынып, Алла Тағалаға ниет еткен барша мұсылман бауырларға ауызашар беру де үлкен сауапты іс. Осынау Қасиетті айда қайсымыз болмасын сауапты істер жасап, садақамызды беруге асығамыз ғой. Сондай жанның бірі қаламызға белгілі «ТВК-6» телекомпаниясының Бас директоры Омарбек Байуақов қаламыздағы барлық мешіттердің имамдары мен ораза ұстаған ұжымдастарына ауызашар берді.

 – Ауызашарға ақ дастархан басына жиналған құрметті қауым, ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын. «Адам баласы қандай да бір жақсылық іс жасаса, құлшылық істесе, оның сауабы бар, бірақ, Оразаның сауабын мен өзім беремін» деп Алла тағала Оразаның сауабын өзіне қалдырған екен. Әрі Оразаның сауап мөлшері көрсетілмеген. Біз садақа берсек, қажылыққа барсақ, тағы да өзге сауапты істер істесек өзгелер көреді. Ал осы жерде қанша адамның шынымен де ораза ұстап отырғанын білмейміз. «Оразамын»  деп айтуы мүмкін. Бірақ, біз бен сізге көрсетпей тамақ ішіп жүруі де мүмкін. Міне, сондықтан Ораза – Алла мен адам арасындағы сыр.  Семейде Қадір түнін «ТВК-6» телеарнасынсыз елестету қиын. Тұрақты түрде тікелей эфирде хабар жүргізіп келе жатқанына 17 жыл болды. Ал осы жақсы істің басында Омарбек Қазанғапұлы, сіз тұрсыз. Бұл, әлемде демей-ақ қояйын, еліміз бойынша баламасы жоқ жоба. Өйткені 2001 жылдар Алматыда да кейбір арналар тікелей эфир жүргізді. Бірақ, келесі жылы қаржының жетіспеушілігі салдарынан тоқтады. Ал, осынша жыл үздіксіз тікелей эфирде халықпен қауышып, уағыз айтып жүргеніміз, Омарбек Қазанғапұлы, сіздің дархан көңіліңіздің арқасы. Бүгін, міне, қаладағы барша имамдардың басын бір дастархан басына жинап отырсыз. Мұндай ауызашар тарихта болмаған. Ниетіңізді Алла қабыл етсін!– деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай.

Дастархан басында тағлымы мол уағыздар айтылды. Сонымен қатар, барша молдалар мен журналистер бас қосқан жерде «Биылғы Қадір түнін қалай  өткізгеніміз дұрыс?» деген мәселе де қызу талқыға салынды.

Омарбек Қазанғапұлы «Ауызашар мұсылмандығымыздың бір белгісі ғой. Ораза ұстаған жандарға ниет, тілектеріңіз қабыл болсын дейміз! Қадір түнін аман-есен сіз бен біз болып тікелей эфирде қарсы алуға жазсын!»- деп ізгі ниетін білдірген еді.

 

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ