Мешіт жамағаты «Әз – Наурыз» мейрамын мерекеледі

Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Әз – Наурыз» мейрамы мерекеленді. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы наурыз мерекесімен көпшілікті құттықтап, осы күнге жеткізген Жаратқанға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат жолдап, уағыз насихат айтты. Аудандық мәслихат депутаты Еркін Рахметоллаұлы ағайындарды мерекемен құттықтады. Мерекеде киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылып,  ұлттық спорт түрлерінен аударыспақ, найза лақтыру, садақ ату, теңге алу, асық ату, ләңгі тебуден сайыс өтті. Аударыспақ жеңімпазына қой, басқа да сайыс жеңімпаздарына ақшалай сый ақылар берілді. Ақ дастархан жайылып, көпшілікке күріш таратылды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі