Мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады

Мектеп қабырғасындағы балалар жазғы демалысқа шығып мәре-сәре болып жатқан болса, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану үшін барлық мешіт жанынан жазғы сауат ашу курстары жұмыстарын жандандырары сөзсіз.

Міне осындай сауат ашу курстары Семей аймағына қарасты мешіттерде де жүргізілуде. Семей аймағының өкіл имамы М. Алтыбай – «Жасыңда білім алсаң, өскенде қайырын көрерсің». Бұл – дана халық мұрасынан жеткен ұлағатты сөз. Ол ата дініміз – Ислам шариғатынан бастауын алады. Құранның алғашқы аяттары «Оқы!» деп басталады. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренгендерің, оны өзгеге үйреткендерің», – деп білімнің құнды дүние екенін атап көрсетті. Олай болса, білім алуда ерінбей, жалықпай, көп оқыңыздар»,  – деді өкіл имам сауат ашу курс шәкірттеріне. Қос мұнаралы орталық мешітінде 40 балаға арналған имандылық лагері бүгін өз жұмысын бастап кетті. Бүлдіршіндерге имандылық дәрістері, Құран сүрелерін жаттатып, Пайғамбарымыздың өмірінен дәрістер өтілетін болады.Семей қалалық сауат ашу курсының ұстазы Шакиров Асқар  ұстаздық ететін болады.

Сауат ашу курсына ата-ананың өтініші бойынша ғана қабылданады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.