الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Мешітте ауыз ашар ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау қандай сауапты іс болса ауызашар беру сондай сауабы мол амал екенін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис шарифінде айтылған. Бесқарағай ауданы имамының ұйымдастыруымен аудандық мекеме басшыларының қолдауымен орталық мешіте ауызашар дастарханы жайылдып,қасиетті айда ораза ұстаған мекеме басшылары,   мешіт жамағаты, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Еренұлы,аудандық Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары және  әлеуметтік жағдайы төмен ауыл тұрғындары ауыз ашты. Ауызашарға жиылған  жамағат  тілектерін айтып, аудан имамы Серікжан Аманұлының Рамазан айының қасиеті, бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында және ауызбіршілік пен бірлік бар жерде береке болатыны жайында  айтқан  уағыз-насихатын тыңдап, осындай игілікті шаралар ауыл мешіттерінде де жалғасын тапсын деп ниеттерін білдірді.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.