الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

 Мешіттегі ауызашар

Бесқарағай аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында  ораза ұстаған мешіт жамағаты мен көп балалы жанұяларға, ауыл тұрғындарына, мешіт тарапынан  ауызашар дастарқаны жайылды. Ауызашарға жиылған жамағат тілектерін айтып, аудан имамы Серікжан Аманұлының айлардың сұлтаны Рамазан айының қасиеті, бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында   айтқан уағыз-насихатын тыңдап, еліміз және дініміз үшін дұға жасап алғыстарын айтып тарқасты.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.