الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

НАСИХАТ ТОБЫНА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

НАСИХАТ ТОБЫНА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының акт залында Жергілікті ақпараттық-насихат тобына арналған семинар-тренинг өткізілдіЖиынды ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ашып, уағыз-насихат жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар ойларымен бөлісті. Жиынды ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі PhD доктор Батыржан Мансұров жүргізді.  

«Ақпараттық-насихат тобына жүктелген міндет үлкен. Өйткені, бұл – насихат саласында үлкен жұмыстарды атқарып келе жатқан топ. Бұл топқа қабылданған имамдардың 70 пайызы жоғары білімді. Бұдан байқайтынымыз, елге айтылар уағыздың сапалы болуы дін қызметкерінің біліміне байланысты», – деп атап өтті.

Жиында ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, мақала жариялау әдістері, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану тақырыптарында тренинг жүргізді.

Насихат тобына еліміздің түкпір-түкпірінен сараптамадан өткен 420 діни қызметкер енген. Аталған насихат тобы жыл басынан бері деструктивтік жат ағымның алдын алу бойынша мемлекеттік мекемелерде 379 кездесу өткізіп, оған 20 мыңнан аса адам қатысқан. Отырыс барысында жергілікті ақпараттық-насихат тобының жарты жылдық есебі тыңдалды. Оны ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков баяндады.

Жиын соңында Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыста жыл басынан ьері белсенділік танытқан имамдарға Бас мүфтидің алғыс хатын табыстады.