الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

KAZISLAM – CCTV телеарнасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық терроризм туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. «Қытай Халық Республикасының басшылығы үш зұлымдықпен -  экстремизм, терроризм және сепаратизммен күрес бойынша ұсыныс тастады. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз және бірлесе жұмыс істеп жатырмыз», -  деп атап өтті Президент өз сұхбатында. Президенттің айтуынша, терроризм Сирияда анық байқалды және ДАИШ терроризмнің нағыз зұлымдық екенін, мұнымен күресу қажеттігін көрсетті. «Онда Америка бастаған бір коалиция және Ресей бастаған тағы бір коалиция күресті. Қазір олардың өздері атаған «мемлекет» жойылды, территориясы жоқ, бірақ өз содырларын Ауғанстан сынды өзге өңірлерге жіберіп жатыр. Бұл бізді қатты алаңдатады. Мұнымен күресу үшін Шанхай ұйымына кіретін Орталық Азия елдері бірге жұмыс істеуі керек. Қазір де осымен айналысып жатырмыз» деді Н. Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан тарапынан Ауғанстанға ауқымды көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Ауғанстан жастары Қазақстан қаражаты есебінен білім алуда. Ондағы халықты жұмыспен қамту үшін Қазақстан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға дайын. «40 жылдан бері Ауғанстанда азаматтық соғыс жүріп жатыр. Халық соғысудан басқа ештеңе білмейді. Терроризмді қаржыландыратын есірткі өндірісімен айналысады. Мұнымен қалай күресу керек? Халыққа жұмыс беру керек, ол үшін Ауғанстандағы өндірісті дамыту қажет. Міне, біздің ортақ міндетіміз — Ауғанстанға өз экономикасын қалыптастыруға көмектесу», — деп өз сөзін түйіндеді Президент.  Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.