«Неке және отбасы құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ҚМДБның Семей өңірі бойынша «Әйел – қыздар секторының» ұйымдастыруымен «Неке және отбасы құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Ислам және отбасы» жылы аясында өткен басқосуға сауат ашу курсының ұстаздары мен әжелер мектебі қатысты. Дөңгелек үстел басында «Неке құндылықтары», «Инабатты қыз», «Отбасында қалай бақытты боламыз», «Ене мен келін» тақырыптары қозғалды. Бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Халқымыз «ақ неке», «адал неке»  деген ұғымдармен отбасының, некенің қасиеттілігін айтып өткен.  Шараның мақсаты жастарға ата-анасының батасын алып, ақ некемен отау құрудың маңыздылығы. Отанды құрайтын отбасы болғандықтан, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтап, отбасының бұзылуына жол бермеу.  Еліне жанашыр ұрпақ тәрбиелеу әрбір азаматтың міндетіне айналуы тиіс.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.