الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ӨКІЛ ИМАМ «ҚАЗАҚСТАН-СЕМЕЙ» ТЕЛЕАРНАСЫ АРҚЫЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ

img-20170526-wa0012ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат жергілікті «Қазақстан – Семей» телеарнасы арқылы сұхбат берді,    Сұхбат Қасиетті Рамазан айы турасында өрбіді. Қасиетті айдағы құлшылықтар, ораза ұстаудың негізгі шарттары және ораза ұстаушыларға кеңестер айтылды.

    Сонымен қатар, өкіл имам Алтыбай Мақсат өз сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған құттықтауы мен Үндеуін тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ, Рамазан айындағы көп туындайтын сұрақтарға жауап беріп, тарауих намазының сауабы жайлы да тарқатып айтты. Сұхбат барысында Жаназа кітабі туралы түсіндірді. Мұсылмандардың жаназасын шығару мен жерлеу рәсімі бір ізге түсетін болды. Заманға қарай өзгеріп отыратын жөн-жоралғыларды Қазақстанның барлық аймағында белгілі тәртіпке сай атқару үшін, діни басқарма арнайы кітап шығарды.

Діни рәсімдерді атқаруда кездесетін қарама-қайшылықтарды болдырмау, шариғат үкімдеріне сай өткізу мешіттерге міндеттеліп отыр. Кітап он бір мың таралыммен шыққан. Қазақстанда 3 мыңға тарта мешіт болса, солардың барлығы аталған тәртіпті өз аймақтарында енгізеді. Қайтыс болған адамның атынан берілетін садақа, дастархан жаюда ысырапқа жол беру, бейіт басына күмбездеп белгі қою сияқты жоралғыларға қатысты шағымдар бар. Діни басқарма осы талаптарды ескере отырып, жинақты үш жыл бойы құрастырған.

 Рамазан айы бағытында өрбіген сұхбат барысында осы айда атқарылатын біршама игі шаралар, мешіт дайындықтары да сөз болды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.