الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Өкіл имам студент жастармен кездесті

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Ибалы қыз – ұлт болашағы» тақырыбында студент жастармен кездесу өткізілді. Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы басқосуда Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Өйткені, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ халқы қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?  Студенттерге өз кезегінде өкіл имам «Қазіргі жастардың діни сауаттылығы қандай?», «Неге жастар ұлттық тәрбиеден алшақ?», «Балаға шешенің ықпалы күшті ме, көшенің ықпалы күшті ме?» т.б. сауалдарына жауап берді Кездесу соңында өкіл имам студенттерге жүрек жарды ақ батасын берді.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.