الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Орталық кітапханадағы конференция

Аягөз қаласындағы орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» — «Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» атты конференция өтті. Жиынға мектеп оқушыларымен ктапхана қызметкерлері, қонақтар қатысты. Орталық кітапхана қызметкері Айнұр ханым баяндама жасап, қатысушы қонақтарды таныстырып өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы дініміздің құндылықтарымен қатар Әбу Ханифа өмірінен, бабалар салған сара жол жайлы насихат айтты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Көкенай ақсақал мен Азанғали ақсақал, Ақаш ағалар аталық ақылдарын айтып, бата берді. Келген қонақтарға кітапхана ұжымы атынан кітаптар сыйланды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі