الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Орталық мешіт кілемі жаңартылды (ФОТО)

Семей Қос мұнаралы орталық мешітіне заман талабына сай жаңа үлгідегі кілем төселді. Жалпы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын кілем жомарт жандар көмегімен алынған болатын.

Шара барысында Өкіл имам игі істерге бастамашы болып жатқан жомарт жандарға мешіт жамағаттарының атынан алғысын білдірді.

Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы өз сөзінде: «Алланың Елшісі ﷺ мешіт салу, оның көркеюіне атсалысу үлкен сауап екенін айтқан. Бұл жайында Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: жалғасымды садақа, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент», – деген. Осы жалғасымды садақаның бірі мешіт салу. Мешіттердің шариғат талаптарына сай таза, жарық болып, нұрланып тұруы жамағаттың көңіл күйін көтереді. Мешіт тек Құран оқып, намаз өтеп кететін құлшылық үйі ғана емес, ол жерде жастарымыз білім мен тәлім тәрбие алады. Біз қашанда мешіттеріміздің құлшылық орны ғана емес, діни-рухани орталыққа да айналуын мақсат етеміз. Мешіт жамағаты ұйымшыл, ынтымағы мен бірлігі күшті, иманы бекем болса, сол халықтың іргесі бекем, бақытты болады», – деді.

Өкіл имам мешіт атынан жомарт жандарға алғыс хат пен сыйлық тарту етті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.