الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Өскеменде имамдардың «Нұрлы мінбер» сайысы өтті (ФОТО)

Ұлттық салт-дәстүріміз бен асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау, имамдардың интеллектуальдық білімін көтеру мақсатындағы дәстүрлі «Нұрлы мінбер» имамдар сайысын ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өзгеше мәнерде өткізді.

Сайысты  жамағатарға кеңінен насихаттаудың нәтижесінде қасиетті жұма кешінде Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне бәйгені тамашалауға жамағат көп жиналды. Жақын аудандардан да арнайы келіп қызықтағандар да болды. Сайысты өкілдік жоғарғы деңгейде ұйымдастырды.

«Діни басқармадан имамдардың білімін жетілдіруге, ұлттық салт- санамызды жаңғыртуға барынша көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда имамдарымызға қояр талапта біршама ауыр. Имамдарымыз жан-жақты сауатты, салт-дәстүрді жеттік білетін, шешен сөйлейтін, ислами білім терең, заңнан да сауатты болуы шарт. Діни басқарманың бекіткен төрт құжатын да игеріп тұруы тиіс. Бұл бүгінгі заман талабы. Бүгінгі сайыс осы бағыттарды қамтыған имамдарымыздың шынайы білім сайысы болмақ» деп атап өтті, өкіл имам, сайыстың ашылу рәсімінде.

Сайысқа Өскемен қаласы «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим қажы Қарнақбайұлы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолин, «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов, түркиялық ұстаз Жевдет Атамыштар қазылық жасады.

Имамдардың білім бәйгесін Республикалық көркем сөз оқу сайыстарының бірнеше дүркін жүлдегері Ғылымхал Манай жүргізді.

«Нұрлы мінбер» сайысына өңірге қарасты аудан, қала мешіттерінен 8 имам қатысып, білімі мен біліктілігін ортаға салды.

Сайыс аса тартысты, қызықты өтті. Сұрақтар экранға шығарылып, қатысушыларға кең таңдау жасауға мүмкіндік берілгендігі ерекше болды. Көрермен жамағаттар да қатысушыларды қолдап, жанкүйер болып отырды.

Әр айналым сайын саны азайып,соңынан екі қатысушы қалғанда тіптен қызықты, тартысты болды.

Ең соңғы айналымға қалған облыстық мешіттің наиб имамы Аслан Абаков пен Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қадылбеков арасындағы сайыс аса тартысты өтті. Олардың уағыз айту шеберлігіне қазылардан бөлек жиналған жамағатта баға берді.

Соңғы нәтижеде ұпай саны бойынша ШҚО Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қадылбеков жеңімпаз атанып, алда Астанада өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.

Қатысушылар өкілдіктің «Алғыс хатымен»  жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өкіл имам сайыстың аса тартысты өтіп, әділ бағаланғандығын айта келе, уақыттарын бөліп келіп қолдаған барша жамағаттарға алғыс білдірді.

Көрермен болған жамағаттарда жарысты ұйымдастырушылықтың жоғарғы деңгейде болғандығын және сайыстың аса қызықты өткендігін, айтып, өкілдікке алғыс білдіріп, тарқасты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі