الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Өскеменде Республикалық семинар өтіп жатыр (ФОТО)

Өскеменде Республикалық семинар өтіп жатыр (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің тапсырмасымен Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудағы әйелдердің рөлі» атты республикалық семинар Өскемен қаласында өз жұмысын бастады. Семинарға Діни басқарманың облыстардағы «әйел-қыздар» секторының жетекшілері жиналды.

Шараға ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлім басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы арнайы қатысты.

Үш күнге жалғасқан жиын барысында «әйелдер-қыздар» секторы жұмысын дамыту туралы мәселелер талқыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Республикалық семинарды ашып қысқаша сөз сөйледі.

ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы жиында маңызды мәселелерге арнайы тоқталды.

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлын Елбасы  қабылдап, деструктивті діни ағымдармен күресті күшейту туралы арнайы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы жан-жақты жүзеге асыру бүгінгі таңдағы келесі міндеттің бірі болып отыр» дей келе,

«Әйелдер-қыздар» секторының төрт бағыт бойынша атап айтқанда уағыз-насихат, жат ағымдармен күрес, қайырымдылық, оқу ағарту бағытындағы шаралар туралы баяндап өтті. Сонымен қатар Бауыржан Әбдірашұлы өз сөзінде жат ағымдарға қарсы ұлттық салт–дәстүрге негізделген иммунитет қалыптастырудың қажеттілігіне айырықша назар аударуды тапсырды.

«Ең бастысы әйел жамағаттарға дәстүрлі исламда тәрбие беру аса маңызды» деп түйіндеді.

Жиында шараны ұйымдастырушы Өскемен аймағы өкілдігі тарапынан және әйел ұстаздар қауымынан айтылған ұсыныстар талқыланып, наиб мүфти алдағы уақытта осы бағытта тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді.

Жиын соңынан ҚМДБ-ның наиб мүфтиімен бірге семинарға қатысушылар Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдады.