Өскеменде «Ұлы дала жастары» футбол сайысына іріктеу ойыны өтті (ФОТО)

Бұқаралық спортты дамыту, жамағаттардың спортқа қызығушылығын арттыру бағытындағы ҚМДБ-дан жарияланған «Ұлы дала жастары» футбол сайысына іріктеу турнирі Өскемен қаласында болып өтті. Жарысқа Семей өңірінің және Өскемен қаласынан бірнеше командалар қатысып, өзара ойын өрнегін көрсетті.

 Шараны жамағаттар келіп тамашалап, командалардың шебер ойындарына тәнті болды.

Қарсыластарынан озып шыққан Семей өңірінің «Елім-ай» командасы 1-орын иеленді.

«Сайысқа командалар аса белсенді қатысты, ал, ойын аса қызықты, тартысты өтті. Біз осындай жарыстарды үнемі өткізіп келеміз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.