الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Отбасым бақыт мекенім

Аягөз қаласындағы политехникалық колледжінде «Жастар жылына» байланысты колледж апталығында «Отбасым бақыт мекенім» атты конференция өтті. Осы жиынға мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, зейнеткер — дәрігер, ардақты ана Гүлнәр Әменқызы қатысты. Проектордан «Қыз тәрбиесі»,  «Жар таңдау», «Отбасым» атты бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар арасында белсенділік ойындары ойнатылды. Дәулет Қинаятұлы отбасы құндылықтары жайлы қасиетті Құран аяттарын,  Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен, ата – бабалар аманаты жолынан насихат айтты. Гүлнәр Әменқызы қыз тәрбиесі жайлы кеңінен айтып өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, белсенділік танытушыларға кітапшалар берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі