الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Өзгеге өмір сыйла!» донорлық акциясы өтті (фото)

Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіттің ұйымдастыруымен қалалық имам-молдалары Семей қалалық қан орталығында «Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акциясы өтті. Бүгінгі таңда, түрлі жағдайларға байланысты ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Осындай жағдайды ескере отырып, игі шараны қолдап, халық арасында насихаттау мақсатында Семей орталық мешіттің имам-молдалары мен жамағаттары, қайырымдылық шара ретінде қан тапсырды.                Өз қанын өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытқан иманды жандар жыл сайын өз еріктерімен қан тапсыруды дәстүрге айналдырып келеді.  Жалпы,  қан тапсыру –  Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда: «...Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» (Майда сүресі 32 аят) — деген.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі