الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Өзгеруді өзіңнен баста

 Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды» ҚМДБ — ның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз өз сөзінде.

Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар секторы» Қос мұнаралы орталық мешітте Бас мүфтидің бастамасына қолдау көрсетіп «Өзгеруді өзіңнен баста» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

 Алғашқы сөзді Қос мұнаралы Орталық мешіт наиб имамы Бекзат Боранбайұлы Бас муфтиіміздің үндеуін ашықтаудан бастап: «Жақсы адам қоғамға пайдасы тиген адам. Әрқайсымыз осы қоғамның кішкентай бір бөлігіміз. Бас муфтиіміз өз сөзінде адам өзгерсе оның көршісі өзгереді одан кейін қоғам өзгереді, деді. Қоғамның жақсы жаққа өзгеруіне біз жауаптымыз.» деді.

Дана халқымыз «Қариясы бардың қазынасы бар» деп айтқандай, ақ жаулықты әжелерімізде өмірден түйген ақыл кеңестерін аямады. Сол әжелерден Сауат ашу курсының шәкірті, ардагер мұғалім Нуршан апамыз өз сөзінде: «Әйел адам болашақ ұрпаққа жауапты. Қазіргі қоғамда балаларымызды шыны керек смартфон телефондар, теледидар тәрбиелеуде. Әйел адам үйдің ұйытқысы. Бала тәрбиесінің көбіне әйел адам жауапты. Ананың әлдиінен асқан әуен, ананың ыстық ықыласындай, мейіріміндей мейірім жоқ. Аналық ақ сүтпен дарыған тәрбиелі ұрпақ өз елін тілін құрмет тұтқан азамат болары сөзсіз. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген қазақ халқы. Бала тәрбиелеу алдымен өзіңді тәрбиелеуден басталады» деп түйіндеді.

Дөңгелек үстелде Бас муфтиіміздің үндеуі жан жақты насихатталып, пайдалы жиын болуы үшін дұға жасалды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.