الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Пайғамбарым ардақтым» атты тағылымды кеш

 Биыл  Мәуліт айы  үстіміздегі жылдың қараша   айының 8-нен 9-на қараған күні кіргені белгілі. ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел – қыздар секторы» мәуліт айына арнап «Пайғамбарым ардақтым» атты тақырыбында тағылымды кеш өткізді.  Кешті ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  жиналған жамағатты Мәуліт мерекесін құттықтау сөзімен бастап, одан кейін Пайғамбар (с.ғ.с) өмірі мен өнегелі жолын уағыздады. Мәуліт мерекесінің мәнісін түсіндірді.

Сауат ашу курсының шәкірттері Пайғамбарымыздың  өмір жолын  сипаттайтын «Мәуліт» дастанын оқып. Келген қонақтарға ғибратқа толы қойылымдар қойды. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ізгі қасиеттерін сипаттайтын өлең-жырлар, монологтар оқылды. Кеш соңында Пайғамбарымыздың соңғы құтбасы оқылып, салауаттар жолдады.

Кештің мақсаты   Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.) жақсы танып, өсиеттірін терең түсініп, өнегелі өмірін үлгі ету болды. Пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау арқылы жастарды отан сүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және теріс қылықтардан сақтануға шақыру.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мештінің баспасөз қызметі.