الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Пхенчханда намаз оқитын бөлмеге қатысты дау шықты

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада мұсылмандардың намаз оқитын бөлмесіне қатысты дау шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ислам дінін ұстанушылар Олимпиада ойындарының ұйымдастырушыларына намаз оқу үшін арнайы бөлме сұрағанда, пхенчхандықтар жасап береміз деген. Бұл туралы Чемпионат.com сайты Yahoo Sports басылымына сілтеме жасап жазады.

Каннын қаласының туризм комитетінің басшысы мұндай бөлмені әзірлеуге басында қарсы болмағанын айтты. Бірақ жергілікті тұрғындар бұған нарызылық танытқан.

Мұсылмандар сәжде ететін арнайы бөлмені әзірлеуге қарсы 56 мың оңтүстіккореялық қол қойды. Елдегі белсенділер өздерінің төлейтін салығына намаз оқитын бөлме әзірлеуге қарсы болып отыр. Олардың айтуынша, мұсылмандар кез келген таза жерде намаз оқи алады.

«Олимпиада ұйымдастырушылары Оңтүстік Кореяны ұлттар мен діндерді құшақ жая қарсы алатын ел ретінде көрсеткісі келді. Бірақ бұл ойы жүзеге аспады. Мұсылмандардың наразылығы тек күшейіп жатыр», — делінген мақалада.

Оңтүстік Кореяда 21 миллионға жуық адам тұрады. Оның тек 0,2 пайызы ислам дінін ұстанады.