الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

РАМАЗАН  –  АЙЛАРДЫҢ  СҰЛТАНЫ

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен  құттықтаймын!

Рамазан – қасиетті Құран кітабы түскен мүбәрак ай. Сондықтан, әрбір мұсылман бұл айға ерекше құрмет көрсетіп, ораза ұстап, мейірімділік пен қайырымдылықты осы айда барынша көбірек жасағаны абзал.

Ұлы Жаратушымыз: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді», — дейді қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінде.

Оразаның басты мақсаты – нәпсіге тежеу салып, рухты көркем мінезге тәрбиелеу. Ал нәпсі – бойдағы құмарлық сезім. Исламның бір ғұламасы: «Кімде-кім өз еркімен нәпсісіне ие болса, онда ол адам өзін әлемдегі ең бақытты адам санасын» — деген екен. Аштық, шөл адамды төзімділікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Және де ораза амалының сауабы шексіз.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: «Құлым ас-ауқаттан, сусыннан және нәпсінің қалауларынан тек Мен үшін бас тартады. Сондықтан оның сауабын Өзім беремін. Әрбір жақсылыққа он есе сауап жазамын», — деп айтты» — деген.

 Ислам діні адамдарды әрдайым мейірімділікке, қайырымдылыққа шақырады. Мүбарак айда жетім-жесірлерге, мүскіндерге қолдан келгенше көбірек қолдау көрсету керек. Барлық мұсылман қауымын осындай ұлағатты істі қолдап, барынша көмек қолын созуға шақырамыз.

 Еліміздің береке-бірлігі мығым болып, Алла Тағала елімізге мол ырыс, бақ-береке нәсіп етсін! Алла ризашылығы үшін тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

 

Құрметпен,   Мақсат қажы Алтыбай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Семей өңіріндегі өкіл имамы.