الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Рамазан айына байланысты өткен жиын

Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде  аудан-қала имамдарының басын қосқан жиын болып өтті. Онда ҚМДБ – ның Семей аймағының өкілі Алтыбай Мақсат Қуанышұлы жергілікті имамдарды жақында Діни басқармада өткен төралқа шешімдері жөнінде хабардар етті. Діни басқарманың уағыз-насихатты жандандырып, жат ағымдармен күресті ширата түсу жөнінде тапсырмалар және Рамазан айы туралы бүктеме-парақшалар дайындау, Оразаға қатысты негізгі сұрақтарға жауап ретінде жазылған кітапшалар тарқату, қасиетті айдың сәнін келтіру мақсатында билборд, банерлерге құттықтау сөздер жазу міндеттелді.  Әсіресе, діни насихатты бұқаралық ақпарат құралдары мен әртүрлі сайттар арқылы жүргізудің жай-жапсары да тілге тиек етілді. Сонымен бірге, бұл бас қосуда алдағы Рамазан айын қарсы алуға дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Рамазан айында мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек жасау, мешіт тарапынан ауызашар ұйымдастыру, халық арасында ауызбіршілік, имандылық  үгіт насихатты күшейту. Имамдарға Діни басқарма міндеттерінен туындайтын тапсырмалар беріліп, діни насихатты өрістету маңызды екенін айрықша тапсырылды. Рамазан айындағы сауапты да жауапты істеріне Алла жеңілдігін берсін деген ниетте тарқасты.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.