الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Рамазан айына дайындық шарасы талқыланды

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарының кезекті бас қосу жиыны Семей  қалалық Шәкәрім қажы мешітінде өтті.

Жиында өткен шара барысында қозғалған тақырып, Рамазанға байланысты Бас мүфтидің халыққа Үндеуі, қажылық, уағыз-насихат жұмыстары, пітір садақа мөлшері, мешіттерге ат қою, секілді мәселелер талқыланып, өтті. Сондай-ақ жиында әріптестеріне Рамазан айы кезінде оның қадір-қасиеттері мен тәрбиелік маңызын бұқаралық ақпарат және көрнекі үгіт құралдары арқылы насихаттау, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша мешіттерде ауызашарлар беруді ұйымдастыру, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау қажеттігіне тоқталды.

Имамдардың жыл басынан бері, яғни 4 айда өңір бойынша атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Өкіл имам Бас мүфтидің биылғы берген тапсырмасына орай Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту қажеттігін баса айтты.

Семей Қос мұнаралы орталықм ешітінің баспасөз қызметі.