Рамазан шарапаты: Аягөздегі тегін такси.

Жексенбі күні «Жақсылық» базарында Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен рамазан айы құрметіне «Тегін такси» акциясы жылдағы үрдіспен өз жұмысын жалғастырды. Мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы бастаған отыздан астам жеңіл автокөлігімен сап түзеген топ осы ізгі іске үлес қосуға атсалысты. Мешіттің осындай жақсы ай, жақсы күндегі ізгілікті істеріне разы болған көпшілік алғыстарын білдіріп жатты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.