Рамазанның құрметіне «Тегін автобус» қызметі

Айлардың сұлтаны Рамазан айы басталысымен Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітіне тарауих намазына келетін жамағатқа Ораза айы бойы демеушілердің көмегімен автобус көлігі тегін тасымалдайтын болды. Бұл қызмет аясында мешітке тарауих намазына қатысушы жамағаттар, мешітке аяқ басқан тұрғындар тегін жеткізілуде. Жақсы істің басында жүріп, халыққа Рамазан айының келуін осылайша сезіндірген өкілдік ұжымына жамағат та дән риза болып, алғыстарын жеткізуде.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.