الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

РАНТ мүшесі Қос мұнаралы орталық мешітінде Жұма уағызын айтты

Қасиетті Жұма күні ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы Семей жеріне келген РАНТ мүшесі, Павлодар облыстық Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Отарбаев Бауыржанды Қос мұнаралы орталық мешітінде Жұма намазына жиналған жамағатқа таныстырды.

РАНТ мүшесі Отарбаев Бауыржан «Басшыға бағыну» тақырыбында Жұма уағызын жүргізді.  Отбасында болсын, қызмет басында болсын, оқу орнында болсын қысқасы кез келген жағдайда тәртіп керек, тағайындалған басшыңа бағыну керек. Бұл дәстүр күні кешеге дейін қазақ даласында сақталған. Халық даналығындағы «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без» деп келетін аталы сөздің астарында да осы мән жатса керек. Айналамыздағы қоршаған табиғатты да Жаратушымыз белгілі бір үндестік пен ережеге бағындырып жаратқан. Басшыға бағынудың мәні туралы Бауыржан Момышұлы атамыз  « Тәртіпке бағынған- құл болмас» деген аталы сөзін жеткізді.

Намаздан соң уағыз тыңдауға қалған жамағатқа «Асыл дініміз — Ислам» турасында уағыз айтып, көпшілік қауымды ауызбірлік пен ынтымаққа шақырды. Соңында көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарын қанағатты жауаптармен қанықтырды. Алла Тағаладан  елімізді табиғи апаттар мен келеңсіздіктерден сақтауын сұрап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.