الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Салауатты жас — болашақ кепілі» атты теңбіл доптан достық кездесу

Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылы, «Қазығұл ата» мешіті және Мамырсу ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Салауатты жас – болашақ кепілі» атты теңбіл доптан мешіттер арасында кездесу өтті. Осынау додаға Өскемен, Семей, Жезкент қалаларынан, Үржар ауданы, Қарақол ауылдық мешіттерінен келген қонақтармен қатар, Аягөз қалалық мешіттерінен командалар қатысты. Ашылу салтанатында аудан имамы Думан Нәдірұлы және ауыл әкімі Архат Әлімғазыұлы сөз сөйлеп тілектерін білдірді. Кездесу өте тартысты өтті. Облыстық деңгейде өткен достық кездесуде І – орын Үржар ауданынан келген команда, ІІ – орын «Қазығұл ата» мешіті командасы, ІІІ – орын «Жаңауыл» мешіті командалары иеленді. «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Әдепті ойыншы», «Ардагер ойыншы» номинациялары бойынша кубокпен жүлделер табысталды. Ауылдағы «Бауыржан» мейрамханасында ақдастархан жайылып, құран бағышталды, аста уағыз – насихат айтылып, жарысқа атсалысқан барша ағайынға алғыс білдірілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі